Спорт
Абайлықтар әлемдік аренада

Германияның Инцелль қаласында 21–22 ақпанда конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогы өтті.
Бұл жарыста Абай облысының спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Анастасия Беловодова жалпы есепте 2-орын алды. Сондай-ақ ол 1500 метр қашықтықта 3-орынға ие болды.
Ал Вадим Чебардаков 3000 метрде халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Спортшылар жеңістің арқасына әлем чемпионатына жолдама алды. Дүбірлі дода 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Инцелль қаласында өтеді.



