Спорт

«ABAI OPEN»: 17 өңірдің спортшылары Семейде бас қосты

Абай облысында дзюдодан «ABAI OPEN» республикалық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды спорттық додаға еліміздің 17 өңірінен 400-ге жуық спортшы жиналып, өзара мықтыны анықтауға кірісті.


Қатысушылар қатарында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық дерлік облыстардың спортшылары бар.


Шара барысында жүргізушілер Абай облысының тарихи-мәдени маңызына тоқталып, өңірдің қазақ руханиятындағы орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, дзюдо спортының халықаралық деңгейдегі беделі мен ел абыройын арттырудағы рөлі де айтылды.


Салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Ресми ашылу барысында сөз алған өңір басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button