Басты жаңалықБілім
Абай облысының мектептеріне жаңа жүйе ұсынылды

Аймақ басшысы Берік Уәли «Paradigm Shift» компаниясының өкілдерімен кездесіп, өңірде «Qazaq Digital Mektebi» жобасын енгізу жайын талқылады.

Компания мамандары жаңа платформаның қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Бұл жүйеде цифрлық оқулықтар, мұғалім мен оқушыға көмектесетін AI-ассистенттер, оқу процесін басқару құралдары және білім сапасын бақылау мүмкіндіктері бар.

Компания өкілдері жобаны алдымен шағын жинақты мектептерде іске асыруды ұсынды.
Аймақ басшысы білім беру саласына цифрлық технологияларды енгізу маңызды екенін айтып, ұсыныстар қаралатынын жеткізді.



