Басты жаңалық

Қалқатай, ауылға қайт

Абай облысында «Қаладан-ауылға» пилоттық жобасы таныстырылып, форум ұйымдастырылды. Жиынға ауыл әкімдері қатысып, ауылға көшкісі келетіндерге қандай қолдау бар екені айтылды.

Бұл жоба арқылы барлық мемлекеттік бағдарламалар бір жерге жинақталған. Яғни, ауылға көшемін деген адамға бәрі түсінікті әрі қолжетімді болады.

Ең басты мәселе – баспана. Әр ауданда қандай маман керек болса, сол маманға үй беріледі. Шаруа қожалықтары да өздері баспана беруге дайын. Сонымен қатар дәрігер, мұғалім, ветеринар сияқты мамандарға ерекше сұраныс бар.

Биыл «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Алғашқы жарна – 10%. 1,5 млн теңге көлемінде сертификат беріледі. Бұл ақша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға көмектеседі.

Ауылда жұмыс істегісі келетіндер үшін де мүмкіндік бар.
«Игілік» бағдарламасы арқылы сиыр алуға болады. Сонымен қатар «100 қой» жобасы бар. Қой 10 жылға дейін беріледі, кейін төлмен қайтарылады.

Қазірдің өзінде Абай ауданының Медеу ауылдық округі көшіп келушілерді қабылдауға дайын. Барғысы келетіндерге 10 қой, 2 сиыр, тіпті жылқы беруге әзір.

Алдағы уақытта әр ауданда осы жоба бойынша жауапты тұлғалар бекітіледі. Сонымен қатар көшіп келушілерге арналған нақты алгоритм әзірленіп, кімге хабарласу керектігі туралы толық ақпарат ұсынылады. Бұдан бөлек, барлық мәлімет қолжетімді болуы үшін арнайы сайт та құрылмақ.

Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Оспанның айтуынша:
«Қаладан ауылға көшу бойынша ешқандай шектеу жоқ. Басқа облыстан келем деушілерге де мүмкіндік бар. Жас бойынша да шектеу жоқ».

«Қаладан-ауылға» пилоттық жобасы аясында Аягөз ауданының Тарбағатай ауылы да көшіп келушілерді қабылдауға әзір. Бұл ауылдың мүмкіндіктері туралы бұған дейін тарқатып жазған едік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button