Басты жаңалықДенсаулық
Дәрілік заттарды тіркеу жеңілдейді

Мәжілісте ғылым мәселелері бойынша түзетулер аясында дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу тәртібіне қатысты жаңа нормалар мақұлданды.
Енді дәрілерді тіркеу мерзімі 210 күннен 100 күнге дейін қысқарады. Бұл – бұрынғыдан екі есе жылдам.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық компаниялардың өтінімін күтпей-ақ, елге қажет дәрілерді тіркеуге өз бетінше өтінім бере алады.
Бұдан бөлек, дәрі өндірісінде қолданылатын заттардың сапасына бақылау күшейтіледі.
Құжатта денсаулық сақтау саласында референс-орталықтар құру қарастырылған.


