Басты жаңалық

Министр азық-түлік бағасының өсу себептерін атады

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуін тек қосымша құн салығымен байланыстыруға болмайтынын айтты.

Министрдің сөзінше, Қазақстан барлық азық-түлік түрін толық өз ішінде өндірмейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ел өзін шамамен 70–90 пайыз ғана қамтамасыз етеді. Ал кейбір өнімдер шетелден әкелінеді.

Серік Жұманғариннің айтуынша, әлем бойынша азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Әсіресе, сүт пен ет қымбаттаған.

Сонымен қатар қазақстандық фермерлер өз өнімдерін шетелге сатуға тырысады. Себебі сыртқы нарықта баға жоғары. Ал мемлекет олардың экспортқа шығуына толық тыйым сала алмайды.

Қаңтар айында Қазақстанда азық-түлік инфляциясы 0,8% болған. Ал Ресейде бұл көрсеткіш 2 пайызға жеткен. Еліміз азық-түліктің бір бөлігін Ресейден импорттайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button