Басты жаңалық

3 мыңнан астам қандас тарихи отанына оралды

2026 жылдың басынан бері 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Бұл – көші-қон саясаты аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесі.

Жалпы, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллионнан астам этникалық қазақ қоныс аударған. Бұл көрсеткіш елдің демографиялық және әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізіп отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан келген қандастардың басым бөлігі Қытайдан – 47,8 пайыз. Сонымен қатар 43,6 пайызы Өзбекстаннан, 2,7 пайызы Түрікменстаннан, 2 пайызы Ресейден, 2,2 пайызы Моңғолиядан және 1,7 пайызы өзге елдерден көшіп келген.

Қоныс аударған этникалық қазақтар еліміздің түрлі өңірлеріне орналастырылып, оларды әлеуметтік бейімдеу және жұмыспен қамту бағытында тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button