Басты жаңалық

«Ес-Аймақ» студент жастар театры Ташкент сахнасына жол тартты

Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-Аймақ» студент жастар театры халықаралық деңгейдегі өнер додасына қатысу үшін Ташкент қаласына аттанды. Ұжым 2026 жылдың 29 наурызында өтетін «7 Arts» халықаралық фестивалінде өнер көрсетеді.

Фестиваль аясында театр көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған «ҰлтЖанды» атты қойылымын сахналамақ. Қойылым арқылы ұжым ұлттық рух пен тарихи тұлғаның мұрасын кеңінен танытуды көздейді.

Аталған сапар – колледж театры үшін маңызды шығармашылық белес. Бұл бастама жас өнерпаздардың тәжірибе жинақтап, өз өнерін халықаралық сахнада көрсетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақ мәдениеті мен өнерін шетелдік көрерменге танытуға жол ашады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button