Басты жаңалық

Абай облысында жер қайтару жалғасуда

Абай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару және оларды тиімді пайдалану бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Өңірде 326 елді мекен бар. Оларды қала құрылысы құжаттарымен қамту үшін 2022 жылы арнайы Жол картасы бекітілді. 2023–2025 жылдары 165 елді мекенге 2,3 млрд теңге бөлініп, қажетті жобалар әзірленді.

Соңғы жылдары мемлекет меншігіне 645,1 мың гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 2025 жылы 179,4 мың гектар жер қайтарылып, жоспар артығымен орындалды. Ал 2026 жылға 90 мың гектар жерді қайтару көзделген, бүгінде оның 4,4 мың гектары қайтарылды.

Қайтарылған жерлер негізінен ауыл тұрғындарының қажеттілігі үшін, әсіресе жайылым ретінде қайта бөлінуде. Сонымен қатар бұл жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жұмыстары жалғасуда.

Облыста жайылым тапшылығы 369,6 мың гектарды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін пайдаланылмай жатқан және тиімсіз қолданылып отырған жерлерді анықтап, қайта бөлу жұмыстары күшейтілуде.

Жалпы, өңірде жер ресурстарын тиімді пайдалану, қайтару және қайта айналымға енгізу бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button