Басты жаңалық

Қала әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдау қала әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында өтті.

Кездесуге 30-ға жуық тұрғын қатысып, оларға қатысты мәселелерді қарауға бөлім басшылары мен коммуналдық қызмет өкілдері де жұмылдырылды.

Қабылдау барысында тұрғындар баспана, абаттандыру, жол жөндеу, аялдамалардың жай-күйі және кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарын көтерді. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті түсіндірмелер берілді.

Қала әкімі азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдап, оларды шешудің заңды жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Мұндай қабылдаулар тұрғындармен кері байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button