Абай облысында инфрақұрылым жаңарып, инвестиция артады

Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңес өтті. Жиында Президент тапсырмасын орындау мәселесі қаралды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімінің орынбасарлары атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Алдағы жоспар таныстырылды. Өңірде инвестиция тарту жұмысы жалғасып, инфрақұрылым жаңарып жатыр. Ауыл шаруашылығы мен өндірісті дамытуға да көңіл бөлінуде.

Өткен жылы облыста 15 инвестициялық жоба іске қосылды. Жалпы құны 24,1 млрд теңге. 391 жаңа жұмыс орны құрылды. Семейдегі индустриялық аймақта үш ірі жоба жүзеге асуда. Инвестиция көлемі 35 млрд теңге. Болашақта 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жылу маусымына дайындық кезінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 23 жылу көзі жөнделіп, 22 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Желілердің тозу деңгейі төмендеді. Ауыз сумен қамту үшін 32 жоба іске асырылды.

Мал шаруашылығын дамыту жұмыстары жалғасуда. Қой шаруашылығына арналған бағдарлама әзірленді. Сонымен қатар асыл тұқымды мал сатып алу жоспарланған. Семейде жаңа ет комбинаты іске қосылады.



