Аймақ тынысы

Жаңасемейде кімге жұмыс бар?

Жаңасемей ауданында биыл 331 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Қазір соның 149-ы іске асты.

Тұрақты жұмыс орындарына 64 адам орналасса, уақытша жұмыс орындары арқылы 85 адам қамтылды. «10 мың адамға 100 жұмыс орны» бағдарламасы аясында 40 жұмыс орны құрылды.

Белсенді шаралар бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жоспарланған 126 шараның 85-і орындалды. Ал инфрақұрылымдық жобалар алдағы айларда жүзеге асырылады, гранттар да жоспарға сәйкес кейінірек беріледі.

Бос жұмыс орындарын ұсыну жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі таңда 83 бос орынның 24-і қамтылған.

Ауданда 4 914 адам әлеуметтік осал топқа жатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button