Білім

Семейдің жас волейболшылары жүлдемен оралды

№33 мектептің оқушылары волейболдан өткен республикалық жарыста ІІІ орын иеленді. Дода 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған командалар өзара мықтыны анықтады. Бәсекесі жоғары жарыста семейлік жас спортшылар Абай облысы намысын абыроймен қорғап, үздік нәтиже көрсетті.

Жүлдегерлерді туған-туыстары, ата-аналары мен ұстаздары ыстық ықыласпен қарсы алып, қолдау білдірді.

Оқушылар спортпен белсенді айналысады. Оларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында түрлі спорттық үйірмелер жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button