Тазалыққа бағынбағандарға қиын болады

Семейде сауда орындарындағы тазалық пен тәртіп бақылауға алынады. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген кеңесте айтылды.

Жиында кәсіпкерлік нысандарын жаңғырту, олардың сыртқы келбетін ретке келтіру және заң талаптарына сәйкестендіру жұмыстарының барысы талқыланды. Қазіргі таңда «СМОКК» базары эскиздік жобасын әзірлесе, «Мереке» базары құрылысқа дайындық кезеңінде. Негізгі жұмыстар жыл ортасында басталады.

Ресми мәліметке сәйкес, 900-ден астам сауда және қызмет көрсету нысанына ескерту берілген. Қасбеті талапқа сай келмейтін ғимараттарға кемшілікті жою міндеттелді.

Әкім барлық сауда орындарын тексеріп, ереже бұзғандарға шара қолдануды тапсырды.

Сонымен қатар әскерге шақыру мәселесі де қаралып, жастарға түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екені айтылды.



