Басты жаңалық

Алакөл – тазалықтың айнасы

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Абай облысына  қарасты Мақаншы ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдиннің бастамасымен 500-ге жуық тұрғын бір кісідей жұмылып, Алакөл жағалауын қоқыстан тазартты.

Шара барысында жағалау аумағы толық ретке келтіріліп, артық ағаштар кесілді, жабайы өскен шөптер тазартылды. Нәтижесінде табиғи аймақтың келбеті жақсарып, демалушылар үшін қолайлы орта қалыптасты.

Мамандар мұндай бастамалардың маңызы зор екенін атап өтеді. Табиғатты қорғау тек акциялармен шектелмей, күнделікті мәдениетке айналуы тиіс.

Демалыс орындарының иелеріне Алакөлдің тазалығын тұрақты сақтауға және келушілерге қолайлы жағдай жасауға жауапкершілікпен қарау ұсынылады.

Алакөл жағалауын тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button