Денсаулық
Инсультке қарсы жаңа қару Семейде

Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жаңа құрылғылар орнатылды. Облыс әкімі мекеменің жұмысымен танысты.

Енді ауруханада ангиографияға арналған жаңа зал бар. Мұнда заманауи Philips Azurion 5 M20 аппараты арқылы инсульт пен инфаркт сияқты күрделі дерттерге дәл әрі жылдам ота жасауға болады.

Сондай-ақ «Диабет мектебі» жұмыс істейді. Мұнда науқастарға ауруды бақылау мен дұрыс өмір салты үйретіледі.
Аурухана 375 орынға арналған, тәулік бойы жұмыс істейді. Жылына мыңдаған адам ем алады, 9 мыңға жуық ота жасалады.



