Басты жаңалық
Абай инвесторлардың жаңа фавориті

Абай облысының әкімі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті. Кездесуде кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері сөз болды.

Аймақ басшысы бизнес өңір экономикасының негізгі қозғаушы күші екенін атап өтті. Ал «Атамекен» өкілі облыста кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып жатқанын айтты.

Нәтиже де бар. 2025 жылы инвестиция көлемі 616 млрд теңгеге жеткен. Жобалар саны 110-ға дейін артты. Биыл 2 476 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Қазір өңірде 581 кәсіпорын жұмыс істейді, ал 51 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны тіркелген.



