Басты жаңалық

Алаяқтардың 18 жаңа айласы

Елімізде киберқылмысқа қарсы күрес күшейтілуде. Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесінің отырысында соңғы үш айда тіркелген интернет-алаяқтық деректерінің 15,1%-ға азайғаны айтылды.

Сонымен қатар жаңа қауіптер де анықталып отыр. Талдау нәтижесінде киберқылмыстың 18 жаңа түрі белгілі болды. Олардың қатарында шетелдік алаяқтардың SMS-бластерлер арқылы жаппай хабарлама таратуы, фишингтік шабуылдар, дипфейк технологияларын қолдану, телефон нөмірлерін алмастыру және тіркелмеген SIM-карталарды пайдалану схемалары бар.

Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы күшіне енгеннен бері банктік шоттарға заңсыз қолжетімділік пен күмәнді аударымдарға қатысты 446 іс тіркелген.

Ұлттық банк жанындағы Антифрод-орталық арқылы алаяқтық операцияларға байланысты 2,8 млрд теңге бұғатталған. Бұл қаржы азаматтардың қаржысын қорғау бағытындағы жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Бұдан бөлек, байланыс және қаржы салаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. SIM-бокстарға тыйым салынды, абоненттерді биометриялық тіркеу енгізілді. Ұялы байланыс операторларына антифрод жүйелерін қолдану және алаяқтық қоңырауларды бұғаттау міндеттелді. Сондай-ақ дропперлік әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

Қабылданған шаралар цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті арттырып, азаматтарды алаяқтықтан қорғауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button