Білім

ҰБТ форматы өзгереді

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматы өзгермек. Келесі жылдан бастап талапкерлер тестті жылына бір-ақ рет тапсырады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, талапкерлер мемлекеттік грант конкурсына сол бір тест нәтижесімен қатысады.

Сонымен қатар 2027 жылғы түлектер үшін пилоттық режимде балама жаңа тест енгізіледі. Ғылым және жоғары білім министрінің мәліметінше, бұл тестті ETS технологиясы бойынша әлемдік жетекші компаниялардың бірі әзірлейді.

Жаңа жүйенің басты артықшылығы — тест нәтижесімен шетелдік университеттердің филиалдарына да оқуға түсу мүмкіндігі беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button