Білім
Жоғары білім AI-ға көшті

Елімізде жасанды интеллект саласы бойынша кадр даярлаудың жаңа жүйесі енгізілді. Бұл туралы министр Саясат Нұрбек айтты.

Енді мамандығына қарамастан, барлық студент ЖИ пәндерін оқиды. Университеттер үшін ортақ стандарт бекітіліп, оқытушыларға да AI бойынша білімін жаңарту міндеттелді.
Сонымен қатар диплом мен диссертацияда ЖИ қолдану ережелері нақты жазылды.
Жаңа жүйе ЖИ мамандарын жылдам әрі сапалы дайындауға бағытталған.



