Басты жаңалық
Абай елінің азаматына генерал-майор шені берілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысының тумасы Жұмабек Хасеновқа генерал-майор әскери шені табысталды.
Жұмабек Хасенов Қарауыл ауылында дүниеге келген. Әскери қызметтегі жолын 1993 жылы офицер ретінде бастады. Жылдар бойы Қарулы күштер жүйесінде түрлі жауапты қызметті атқарды.
Ол Минск жоғары әскери командалық училищесін, ҚР Қарулы күштерінің Әскери академиясын және Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.
Қазір Жұмабек Хасенов ҚР ТЖМ-нің Мәлік Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау академиясын басқарады.



