Басты жаңалық
Аягөзде кәріз жүйесі тексерілді

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Серікболұлы, қала әкімі Асқар Ерланұлы және жауапты бөлім басшылары кәріз жүйесіндегі көпсатылы сүзу нысанында болып, жұмысымен танысты.
Сапар барысында нысанның техникалық жағдайы, кәріз жүйесінің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Сонымен бірге инфрақұрылымдық жобаларды дамыту бағытындағы перспективалар қаралды.
«Оңтүстік» қалашығындағы тұрғын үйлерді әкімшілік балансына беру мәселесі де назарға алынып, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді.


