Басты жаңалық
Ел экономикасы өсіп жатыр

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында 3,6%-ға артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел экономикасындағы өсімге өңдеу өнеркәсібі негізгі үлес қосқан.
Әсіресе машина жасау саласы 23,3%-ға өскен. Сонымен қатар фармацевтика, құрылыс материалдары, химия және азық-түлік өндірісінде де оң динамика байқалған.
Төрт ай ішінде құрылыс, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы салалары да өсім көрсеткен. Мамандардың айтуынша, экономикадағы қазіргі қарқын шикізаттық емес секторлардың күшеюімен байланысты.



