Басты жаңалықМәдениет

Семейлік ақын халықаралық марапат алды

Түркияның Анкара қаласында Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған халықаралық шара басталды.

Ауқымды жиынға Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Абай атындағы кітапхананың директоры, ақын Мерей Қарт арнайы шақырылды. Ол шараға облыс әкімі Берік Уәлидің қолдауымен қатысты.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымдастырған салтанатты кездесуге түркі елдерінің зиялы қауым өкілдері жиналды. Іс-шара барысында деректі фильм көрсетіліп, көрме ұйымдастырылып, «Сүлейменов кабинеті» ашылды.

Кездесу аясында Мерей Қарт «Семей полигоны және Олжас Сүлейменов» тақырыбында баяндама жасап, ядролық сынақ зардабы мен ақынның тарихи рөліне тоқталды.

Салтанатты рәсім соңында Мерей Қартқа ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары төсбелгісі табыс етілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button