Басты жаңалық
Абайлық ару Азиядан олжалы оралды

Ташкент қаласында өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы U-15 Азия чемпионатында Абай облысының спортшысы Марат Аяжан қола жүлдеге ие болды.
2012 жылы туған қыздар арасында өткен құрлық біріншілігінде жас спортшы сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді. Азия чемпионатындағы бұл нәтиже – спортшының табанды дайындығы мен еңбегінің жемісі.
Спортшыны жарысқа жаттықтырушы Мұратқан Ержан дайындады. Аға жаттықтырушысы – Нұрмұхаметов Наурызғали.
Айта кетейік, чемпионат Өзбекстанның Ташкент қаласында өтті. Абай облысының спортшысы халықаралық деңгейдегі додада өңір намысын абыроймен қорғады.



