Басты жаңалық

Жарты ғасырлық су желісі жаңартылады

Үржар ауылындағы жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған су құбыры желісі қайта жаңғыртылмақ. Абай облысының әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Рауия Белеуханова көшесіндегі ауыз су желісінің жағдайымен танысты.

Нысан бойынша аудан әкімінің орынбасары Анет Біржанұлы Тұрлыбеков баяндама жасады. Мәліметке сәйкес, қолданыстағы су желісі 1969 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы – 42 шақырым.

Жоба аясында ұзындығы 1627 метр болатын су құбырын жаңарту жоспарланған. Бұл желі арқылы 1360 тұрғын ауыз сумен қамтылып отыр.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауында жатыр. Жобалаушы мекеме – «ҚазСәулетЖоба» ЖШС.

Сапар барысында өңірдегі коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту, апатты жағдайлардың алдын алу және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button