Абай облысының жедел жәрдемі — үздік үштікте

27-29 тамыз аралығында Жамбыл облысының Тараз қаласында халықаралық қатысумен жедел медициналық жәрдем бригадалары арасында республикалық чемпионат өтті.
Чемпионатта Абай облысының намысын Абай облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК-ның жедел медициналық жәрдем бригадасы қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының жедел медициналық жәрдем бригадасы жүлделі III орынға ие болды.
Айта кетейік, облысымыз құрылған 2022 жылдан бері Абай облысының жедел медициналық жәрдем бригадалары аталған республикалық жарыстарда жыл сайын жүлделі орындардан көрініп келеді. Бұл — өңірдегі жедел жәрдем мамандарының жоғары кәсіби деңгейі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Бұл жетістік жедел медициналық жәрдем қызметінің кәсіби шеберлігін, жоғары дайындығын және командалық жұмысының мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдейді.



