Қауіпті ақпаратқа жол бермейтін қауіпсіз орта құру

Қазіргі цифрлық кеңістікте діни мазмұндағы ақпараттың барлығы бірдей сенімді емес. Әсіресе жасөспірімдер әлеуметтік желі арқылы діни тақырыптағы жалған мәліметке, манипуляциялық контентке немесе радикалды идеологияны насихаттайтын туындыға тап болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіз орта қалыптастыру отбасы, білім беру ұйымдары мен қоғамның ортақ міндеті.
Мысалы, күмәнді діни парақша жасөспірімге алдымен бейтарап немесе қызықты контент ұсынып, кейін біртіндеп радикалды көзқарастарға жетелеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ақпараттың авторын, дереккөзін және мазмұнын тексеріп, күмәнді материалды таратпау маңызды.
Сонымен қатар жасөспіріммен діни тақырыпта ашық сөйлесу де алдын алудың маңызды бөлігі. Бала сұрағын еркін қоя алатын орта қалыптасса, ол күмәнді ақпаратқа жалғыз өзі жауап іздемей, ата-анасына, ұстазына немесе дін мәселелері бойынша білікті мамандарға жүгіне алады.
Сондықтан қауіпсіз орта тек тыйым қоюмен шектелмейді. Жасөспірімге ақпаратты саралауды, сенімді діни дереккөзді таңдауды және күмәнді контентке дер кезінде жауап беруді үйрету, ең тиімді алдын алу шараларының бірі.



