Басты жаңалық
Абай облысының Қайдаровтар отбасы «Мерейлі отбасы – 2026» байқауында жеңімпаз атанды
Абай облысының Бесқарағай ауданындағы Қайдаровтар отбасы республикалық «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздары қатарынан көрінді.
Бегень ауылынан шыққан әулеттің үлкендері 60 жыл отасқан. Отбасы мүшелері медицина, туризм және өзге де салаларда еңбек етіп келеді.
Елордада өткен марапаттау рәсімінде еліміздің әр өңірінен іріктелген 20 отбасыға құрмет көрсетілді. Жеңімпаздарға естелік мүсінше мен 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін оған 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.



