Заң
Абай облысында 293 құқықбұзушылықтың жолы кесілді

- Абай облысында құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Тек алғашқы күннің өзінде 293 құқықбұзушылық дерегі анықталды. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің 38 фактісі тіркелген.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындар мен ойын-сауық нысандарын, автожолдарды тексеруді күшейтіп, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.



