Басты жаңалықБілім
Shakarim University Азияның үздік 500 университетінің қатарына енді

QS Asia 2026 рейтингінде Shakarim University 493-орынға көтеріліп, өткен жылмен салыстырғанда 26 позицияға ілгеріледі. Биылғы рейтингке 1526 университет қатысып, олардың ішінде 44 Қазақстаннан.

Бұл жетістік университеттің академиялық беделі, халықаралық ғылыми ынтымақтастығы және жұмыс берушілер алдындағы сенім арқасында қамтамасыз етілді.
Ректор Думан Орынбеков:
«Бұл нәтиже – ұжымымыздың қажырлы еңбегінің және университеттің халықаралық стандарттарда табысты жұмыс істей алатынының дәлелі».
Shakarim University – өңірлік көшбасшыдан халықаралық деңгейге көтерілген оқу орны, білім мен ғылым саласында жаһандық мойындалу деңгейін арттыруда.



