Басты жаңалықЗаң

Абай облысының 15 ауылында ішімдік жоқ

Абай облысында 15 ауыл ресми түрде алкоголь сатылмайтын және қолданылмайтын «ішімдіксіз елді мекен» мәртебесін алды.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл елді мекендер облыстың 10 ауданын қамтиды. Олар: Ақсуат, Көкпекті, Жарма, Мақаншы, Аягөз, Үржар, Бесқарағай, Жаңасемей, Бородулиха және Абай аудандары.

Бастама нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар азайып, мас күйде жасалатын қылмыстар саны төмендеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button