Бірге еккен тал – бірліктің мәңгі символы

Шәкәрім университетінің студенттері Абай облысының Дін істері басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған игі іс-шараға қатысты.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті дамыту, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен татулықты насихаттау болды.
Университет жастары мен діни бірлестіктер басшылары бірігіп, кампус аумағында тал отырғызды. Бұл бастама табиғатты қорғау мен адам мен орта арасындағы үйлесімділікті сақтауға бағытталған маңызды қадам саналады.
Қатысушылардың айтуынша, бірге егілген әрбір тал – достық пен келісімнің белгісі. Мұндай шаралар жастардың бойында жауапкершілік пен ұжымдық рухты қалыптастырып, қоғамдағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыра түседі.
Шәкәрім университетінің студенттері үшін бұл тек экологиялық емес, рухани сабақ та болды. Бірге егілген тал – бірліктің, бейбітшіліктің және мейірімнің мәңгі символы.



