Басты жаңалық

Қазақстан анимациясы апталығы басталды

Елімізде Қазақстан анимациясы апталығы басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған жоба аясында балаларға, жасөспірімдерге және отбасылық көрерменге арналған отандық мультфильмдер тегін көрсетілуде.

Көрсетілімдер Астана қаласындағы «Арсенал» және Қарағандыдағы «Сарыжайлау» кинотеатрларында өтіп жатыр. Сонымен қатар жоба ҚР Қарулы Күштерімен бірлесіп, Семей, Отар, Сарыөзек және Алматыдағы әскери гарнизондар мен патриоттық орталықтарда да ұйымдастырылған.

Бағдарламаға 2025 жылы жарық көрген жаңа анимациялық туындылар енгізілген. Сондай-ақ «Қазақфильм» мен Ұлттық киноны қолдау орталығының алтын қорындағы үздік мультфильмдер де көрсетілуде.

Апталық аясында көрермендер толықметражды ертегілерді де, авторлық қысқаметражды анимациялық жұмыстарды да тамашалай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button