Басты жаңалық

Семей қаласында еріктілерге арналған алғашқы көмек бойынша ақпараттық акция өтті

Семей қаласында еріктілердің төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алғашқы көмек бойынша ақпараттық акция ұйымдастырылды. Шара еріктілердің дайындық деңгейін көтеруге, шұғыл жағдайларда сенімді әрі сауатты көмек көрсетуге үйретуге бағытталды.

Акция аясында қатысушылар қаланың ірі сауда орталықтарының бірінде тұрғындарға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Еріктілер келушілерге алғашқы көмек көрсету тәртібі жазылған ақпараттық парақшалар таратты. Сондай-ақ шұғыл жағдай туындағанда әр минуттың шешуші рөл атқаратыны түсіндірілді.

Ашық форматта өткен шараға 300-ге жуық тұрғын қатысты. Қатысушылар жедел жәрдем келгенге дейінгі алғашқы минуттарда қандай әрекеттерді орындау керек екенін меңгеріп, практикалық кеңестер алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар еріктілердің жауапкершілігін арттырып, қоғамда алғашқы көмек көрсету мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Еріктілер қауымдастығы алдағы уақытта да осындай ақпараттық сессияларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button