Абай өнімі

Қымыз балмұздақ көргенсіз бе?!

Семейде «QazIce» атымен танымал қымыз бен саумалдан жасалған бірегей балмұздақ бар. Дәмі қышқылтым, табиғи әрі ешқандай бояғышсыз. Көшпелі дәстүр мен жаңа технологияны тоғыстырған бұл өнім бүгінде Абай облысының жаңа брендіне айналып келеді.

Жобаның авторы Айдын Серікқазин. Ол «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы 200 АЕК көлемінде грант алып, Семейде шағын цех ашқан. Қымыз бен саумалды балмұздаққа айналдыратын технология жасап, оны патенттеген. Қазақстанда мұндай ресми патент тек «QazIce» компаниясына тиесілі. 2024 жылдан бастап ресми түрде «Семейдің балмұздағы» ретінде тіркелді.

QazIce бүгінде 18-ден астам дәм түрін шығарады, өндіріс қуаттылығы сағатына 80 келіге дейін жетеді. 2026 жылдан бастап қымыз йогурты мен шұбат балмұздағын шығарады.

Балмұздақ Астана, Алматы, Өскемен, Балқаш, Қызылорда, Семей қалаларында және Алакөл аймағында сатылады. Алматының өзінде 500 дүкен сөресінде бар. Балмұздақ тасымалдау барысында ерісе де қасиетін жоғалтпайды. Бұл оны алыс аймақтарға да жеткізуге мүмкіндік береді.

QazIce – дәстүрлі дәмді жаңа форматта ұсынған отандық бренд.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button