Басты жаңалық

Абай облысында ет-сүттен тапшылық жоқ

Абай облысының агроөнеркәсіптік кешені және ветеринарияны дамыту туралы Облыс әкімінің орынбасары Думан Рыспекұлының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Отырыста облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10 айда 404,3 млрд теңгені құрап , нақты көлем индексі – 100,8 пайызға өскенін айтты. Ал оның ішінде мал шаруашылығының өнімдері 236,0 млрд теңгеге өндіріліп, 105,2 пайызға артқанын мәлімдеді.
Одан бөлек мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 10 айда 112,5 мың тонна ет және 275,2 мың тонна сүт өндірілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button