Басты жаңалық

205 тұрғын өз кәсібін ашты

Биыл Абай облысында 205 азамат 400 АЕК көлемінде грант алып, өз кәсібін бастады. Бұл бастама өңірде шағын кәсіпті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң әсер етті.

Грант иегерлері ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, шағын өндіріс, әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттарында жұмыс істеп, өңірдің экономикалық белсенділігін арттыруға үлес қосуда.

Қайтарымсыз грант иегерлерінің басым бөлігі көпбалалы аналар (113), мүмкіндігі шектеулі азаматтар (31) және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жандар (39).

Басқа жаңалықтар

Back to top button