Басты жаңалық

Шексіз мүмкіндік: Аягөзде параспортшылар сайысы өтті

Аягөз ауданында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған спартакиада ұйымдастырылды. Іс-шараға 50-ден астам спортшы қатысып, бірнеше жарыс түрінде бақ сынады.

Бағдарламада «Көңілді старт», ұзындыққа секіру, дойбы және қол күресі сайыстары өтті. Қатысушылар белсенділігімен және дайындық деңгейімен көзге түсті.

Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталды. Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен тұрақты шұғылдануына және қоғам өміріне белсенді қатысуына қолдау болуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button