Басты жаңалық
Әжем үйреткен Абай әлемі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Мен әжемнен үйренген Абай сөзі» атты облыстық байқау өтті.
Сайыс Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу, өнер көрсету және қара сөздерден тағылым бөлісу кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлы ақын мұрасын жаңаша қырынан танытып, өз өнерлерін көрсетті.
Шара соңында жеңімпаздар анықталып, марапаттау рәсімі өтті. Байқау жас ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.



