Басты жаңалық
Ерлік пен еңбек даңқы музейіне 40 жыл

Семейдегі Ерлік пен еңбек даңқы музейі 1985 жылы ашылған. Биыл мәдени ошақ 40 жылдық мерейтойын атап өтті.
Майор, Ұлы Отан соғысының ардагері Фёдор Григорьевич Пересыпкиннің музей құрылуында қосқан үлесі зор. 1983 жылы экспонаттарды жинақтап, қорды толтыру жұмыстары жүргізілген. Музей салтанатты түрде Жеңістің 40 жылдығы қарсаңында ашылды.
2011 жылдан бері музей Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесі мәртебесіне ие.
Сонымен қатар музейдің 40 жылдық тарихы мен дамуына арналған арнайы естелік кітапша жарық көрді.
Ерлік пен еңбек даңқы музейі майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, тарихи жадыны сақтау және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде елеулі үлес қосып келеді.



