Басты жаңалық

Абай облысының өкілдері Шоқан Уәлиханов ескерткішіне гүл қойды

Омбы қаласына жұмыс сапарымен барған Абай облысының делегациясы Қазақстан Республикасының Бас консулдығына барып, ұлы ғалым әрі ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ескерткішіне гүл қойды.

Рәсім барысында делегация мүшелері Ш.Ш. Уәлихановтың ғылымға, мәдениетке және ел тарихына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтіп, оның мұрасын ұлықтаудың маңызын жеткізді.

Гүл қою рәсімі Абай облысы мен Омбы қаласы арасындағы мәдени және ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға бағытталған шаралар аясында өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button