Басты жаңалық
Семейде студентті алдаған алаяқ ұсталды

Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтық жөнінде арызданды. Ол 2025 жылдың маусымында белгісіз адамның «оқу мәселесін шешіп беремін» деп уәде беріп, сенімін теріс пайдаланып, 70 000 теңгесін алып кеткенін хабарлаған.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті анықталды. Ол — Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны. Ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты «келуге міндеттеу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Абай облысының полициясы тұрғындарға ақша алып, мәселені шешуге уәде беретін тұлғаларға сенбеуді ескертеді.



