Басты жаңалық
Тарбағатайда түлектердің татулығы дәстүрге айналды

Тарбағатай ауылында дәстүрлі түрде ай сайын ұйымдастырылатын Түлектер турнирінің жылдық қорытынды жиыны өтті. Бұл бастама ауыл түлектерін біріктіріп қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар игі істерге үлес қосып келеді.

Турнир аясында 2000–2024 жылдар аралығындағы түлектер бірлесіп қаржы жинайды. Жиналған қаражаттың бір бөлігі жарыстардың жүлде қорына және турнирді өткізуге қажетті құрал-жабдықтарға жұмсалады. Ал қалған қаражат ауыл қорының есебіне аударылады.
Ауыл қоры қайырымдылық бағытта жұмыс істеп, жиналған қаржы тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуге арналған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Түлектер турнирі алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауылдың әлеуметтік және қоғамдық өмірін жандандыруға өз үлесін қоса бермек.



