Мәдениет
Өнер жолындағы адал еңбек бағаланды

- «Жыл үздігі – 2025» салтанатты кешінде мәдениет саласында кәсіби шеберлігімен, адал еңбегімен және жаңашыл бастамаларымен көзге түскен мамандар арнайы аталымдар бойынша марапатталды.
- «Мамандыққа адалдығы үшін» – Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Кикбаев Аманжол Шәріпқанұлы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің директоры Стромская Татьяна Александровна
- «Жыл жеңімпазы» – Бауыржан Ігілік
- «Жылдың үздік жас мәдениет маманы» – Тарихи-мәдени мұраны қорғау, архив ісі және құжаттама бөлімінің бас маманы Сатов Ернар Қанатұлы, Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының қызметкері Смағұлов Архат Ғалымұлы, Абай облысы әкімінің эстрадно-симфониялық оркестрінің үрмелі аспап (кларнет) шебері Маулет Анель Ғабитқызы
- «Жылдың үздік ұйымдастырушысы» — Облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскер бөлім меңгерушісі Ахметбек Айжан
- «Жылдың үздік жас тіл маманы» – Облыстық лингвистикалық орталықтың оқытушысы Жұлдыз Азатқызы
- «Жыл жүргізушісі» – Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі Әсем Бауыржанқызы
- «Үлгілі маман – 2025» – Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Мақурсынов Асылбек Бекболатұлы
- «Мәдениет саласының үздік SMM маманы» – Сейілханова Мерей Серікқызы
«Жыл үздігі – 2025» шарасы мәдениет және архив саласы қызметкерлері үшін кәсіби тәжірибе алмасуға, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдің мәдени әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.



