Мәдениет
Ұлттық электронды кітапхананы шетелдіктер де оқиды

Жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны 227 446 адамға жетті. Осы уақыт ішінде авторлардың рұқсатымен 329 485 құжат жүктеліп, кітапхана материалдары 1 408 540 рет қаралған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, электронды кітапхананы Қазақстанмен қатар шетелдік оқырмандар да қолданады. Атап айтқанда, Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция және Қырғызстан елдерінен пайдаланушылар тіркелген.
Қазіргі уақытта кітапхана қорында 64 тілдегі 84 664 құжат бар.



