Басты жаңалық

Семейде жол да, су да жаңарып жатыр

Семей қаласында жол сапасын жақсарту және инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл 52 көшеде орташа жөндеу жүргізіліп, оның 36-сы алғаш рет асфальтталды. Сонымен қатар 88 көшеде грейдерлеу және қиыршықтас төсеу жұмыстары аяқталды. «Аспалы» және «Ескі» көпірлерде, сол жағалаудағы айналма жолда жаңа асфальт төселді. Қарағайлы мен Энергетик шағын аудандарын Омбы–Майқапшағай тас жолымен жалғайтын жаңа көше пайдалануға берілді. 40 аулада асфальттау жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық көлік саласында жоспар артығымен орындалып, биыл 62 жаңа автобус қолданысқа берілді.

Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері бойынша 2025 жылы 14 жоба іске асырылып, 2 шақырым су құбыры мен 1,5 шақырым кәріз желісі жөнделді. Қазіргі уақытта «Мясокомбинат» бағытындағы 5,4 шақырым кәріз коллекторы реконструкциялануда. Жұмыстар 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Инфрақұрылымды жаңарту қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button