Басты жаңалық

Мақаншыда жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Мақаншы ауылында күндізгі стационарлы әйелдер консультациясы бар дәрігерлік амбулатория ашылды. Нысанның ашылуына облыс әкімі қатысып, медициналық мекеменің жұмысымен танысты.

Жаңа амбулаторияда әйелдерге кеңес беру қызметтері көрсетіледі, сонымен қатар күндізгі стационарда қажетті ем алу мүмкіндігі бар. Бұл ауыл тұрғындарына медициналық көмекті өз елді мекенінде алуға жағдай жасайды.

Нысан құрылысы 27 жыл бұрын тоқтап қалған еді. Қазір «Абай облысы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша іске асырылды. Жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайды.

Жаңа медициналық нысан тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап, сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button