Басты жаңалық
Үржарда жаңа коронарлық араласу орталығы бой көтереді

Үржарда тері арқылы коронарлық араласу орталығының құрылысы жүргізілуде. Нысанның жұмыс барысымен Абай облысының әкімі Берік Уәли танысты.
Жобаның тапсырыс берушісі – Абай облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Үржар ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы. Құрылысты «АКМ Invest Group» ЖШС жүзеге асыруда, бас жобалаушы – «СемKZ» ЖШС.
Құрылыс 2025 жылдың қыркүйегінде басталып, 2026 жылдың маусымында аяқталады деп жоспарланған. Жобаның сметалық құны – 3 037,8 млн теңге, шарттық құны – 2 981,5 млн теңге. Орталық 14 жатын орынға есептелген.
Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін Үржар ауданында жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек қолжетімді болмақ.



