Заң

Енді көлік нөмірін өзің таңдайсың

Енді жүргізушілер көлікке арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) өздері қалаған әріппен, санмен рәсімдей алады.

Қызметті Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе Халық банкі мен Еуразиялық банк мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.

Кез келген әріптік немесе цифрлық белгілері бар МТНБ-ның құны 10 айлық есептік көрсеткішті (43 250 теңге) немесе 15 АЕК-ті (64 875 теңге) құрайды. Нөмірлік белгі 15 жұмыс күні ішінде дайындалады.

Бүгінде Абай облысы бойынша МТНБ дайындауға 768 өтінім түскен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button